Бүгін "Қайрат" италиялық "Интермен" кездеседі

Бүгін
Футбол

"Қайрат" ФК

Бүгін УЕФА Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңі 4-туры аясында алматылық "Қайрат" сырт алаңда ойын өткізеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Қарсылас - италиялық "Интер". Миландық клуб қазіргі таңда турнирлік кестеде төртінші орында тұр. Команда бұған дейін өткізген үш ойынында да жеңіске жеткен. Ал "Қайраттың" қоржынында УЕФА Чемпиондар Лигасының үш турынан кейін бір ұпай бар. Алматылық ұжым "Спортинг" пен "Реал Мадрид" командаларынан жеңіліп, "Пафоспен" тең түскен еді - 1:1. 

Бүгінгі ойынға алматылық команданың көшбасшы ойыншыларының бірі Александр Мартынович қатыса алмайды. Қорғаушы кішігірім жарақатына байланысты "Интермен" матчта командаға көмектесе алмайтыны жөнінде бас бапкер Рафаэль Уразбахтин ойын алдында өткен баспасөз мәслихатында айтқан еді.үгінгі ойынға алматылық команданың көшбасшы ойыншыларының бірі Александр Мартынович қатыса алмайды. Қорғаушы кішігірім жарақатына байланысты "Интермен" матчта командаға көмектесе алмайтыны жөнінде бас бапкер Рафаэль Уразбахтин ойын алдында өткен баспасөз мәслихатында айтқан еді.

"Қайрат" пен "Интер" арасындағы матч Астана уақытымен 5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні өтіп, сағат 01:00-де басталады. Ойынды "Qazaqstan" телеарнасынан сағат 00:50-ден бастап тікелей эфирде көруге болады.