Әлем чемпионатынан кейін: Роналду Джорджинамен қашан шаңырақ көтеретінін айтты
Футбол
Getty Images
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің сүйіктісі Джорджинаға қашан үйленетінін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
“Джорджина - менің өмірімдегі ең керемет әйел. Оған ұсыныс жасауым түсінікті жағдай еді. Ол маған, отбасыма әрдайыи қамқорлық көрсетеді. Джорджина - мені түсінетін ерекше әйел. Нағыз мен іздеген жан. Әлем чемпионатынан кейін үйлену тойымызды өткіземіз, оған қоса әлем Кубогы да қолымда болады деп үміттенемін”, - деді Роналду журналист Пирс Морганға берген сұхбатында.
Айта кетейік, Роналду тамыз айында Джорджинаға үйлену туралы ұсыныс жасаған болатын.
Ал 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында Канада, АҚШ пен Мексикада өтеді.