Қазақ боксшылары Азиадада бес алтын медаль жеңіп алды

Манамада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы жазғы Азия ойындарында бокстан Қазақстан құрамасы бес алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Ел қоржынына Жұмағали Нұрмахан (50 кг), Досжан Жұмақан (54 кг), Даниял Шалқарбай (66 кг), Аяулым Оспанова (66 кг), Камила Оспанова (75 кг) алтын жүлде салды.

Сонымен қатар, жас былғары қолғап шеберлеріміз Азиадада үш күміс (Арман Мырсәбит, Елнура Қоңырат, Мұхаммедәлі Рүстембек) және екі қола (Санжар Матасов, Рамина Маханова) медаль жеңіп алды.