Джон Джонс допинг-тестілеу пулына қайта оралды

Джон Джонс допинг-тестілеу пулына қайта оралды
Жекпе-жек

idman.Biz

UFC президенті Дана Уайт ұйымның бұрынғы чемпионы Джон Джонстың допинг-тестілеу пулына қайта қосылғанын растады, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

«Иә, ол қайтадан тестілеу пулына кірді. Бұл ресми ме? Иә», — деді Уайт Full Send Podcast эфирінде.

Бұл ақпарат Джон Джонстың аралас жекпе-жектегі мансабын қайта жалғастыруы мүмкін екенін білдіреді. Еске салайық, 2025 жылдың маусым айының соңында Джонс мансабын аяқтағанын жариялаған болатын.

Джон Джонс ММА-дағы мансабында 28 жеңіске жетіп, бір ғана жеңіліс тапқан. Тағы бір жекпе-жегі жарамсыз деп танылған.