Ламин Ямаль футбол тарихындағы ең үздік ойыншыны атады

Футбол
The India Express
«Барселонаның» жас шабуылшысы Ламин Ямаль әлем футболындағы ең мықты ойыншы кім екенін айтты. Бұл туралы Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.
- Мен үшін Месси - футбол тарихындағы ең үздік ойыншы. Оның алаңдағы әрбір әрекеті, ойынының барлық қыры мені ерекше қызықтыратын. Ол шынымен де шабыт беретін футболшы, - деді 17 жастағы испандық футболшы Mundo Deportivo-ға берген сұхбатында.
Айта кетейік, Ламин Ямаль жақында Қытайдың Шанхай қаласында adidas брендінің жарнамалық іс-шараларына қатысты. Сол сапар барысында ол бірнеше жарнамалық роликке түсіп, мектеп оқушылары арасындағы турнирдің финалына құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Еске сала кетейік, Ямаль 13 шілдеде 18 жасқа толады. Испаниялық БАҚ-тың хабарлауынша, дәл осы күні «Барселона» клубы оған 10-нөмірді табыстауды жоспарлап отыр. Бұл нөмір ұзақ жылдар бойы клубтың аңызы Лионель Мессиге тиесілі болған. Кейін бұл нөмірді Ансу Фати иеленіп, жуырда «Монакоға» ауысып кеткен еді.