Клубтық әлем чемпионатындағы табысы ең көп команда белгілі болды

Fondoruso.ru
Клубтық әлем чемпионатында ең көп табыс тапқан команда ретінде мадридтік “Реал” көш бастады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Мадридтік “Реал” ширек финалға дейінгі кезеңнің өзінде 55,2 миллион еуро табыс тапты. Егер команда турнирдің финалында жеңіске жетсе, бұл сомаға тағы 56,4 миллион еуро қосылып, жалпы табысы 111,6 миллион еуроға жетпек. Бұл – клубтық ӘЧ тарихындағы рекордтық көрсеткіш.
Екінші орында 52,3 миллион еуромен “Бавария”, ал үздік үштікті 50,3 миллион еуро тапқан ПСЖ қорытындылайды. “Челси” 48,3 миллионмен төртінші орында тұр.
Ең көп табыс тапқан алғашқы ондыққа енген өзге клубтар:
• “Манчестер Сити” – 46,3 миллион еуро
• “Боруссия” Дортмунд – 46,2 миллион
• “Палмейрас” – 36,1 миллион
• “Флуминенсе” – 35,1 миллион
• “Интер” – 32,9 миллион
• “Аль-Хиляль” – 31,1 миллион
Ширек финалда төмендегідей жұптар кездеседі:
• “Флуминенсе” – “Аль-Хиляль”
• “Челси” – “Палмейрас”
• ПСЖ – “Бавария”
• “Реал” – “Боруссия”