World Boxing Cup – Астана 2025: Төртінші күнгі бәсекеге қатысатын қазақстандық боксшылар

World Boxing Cup – Астана 2025: Төртінші күнгі бәсекеге қатысатын қазақстандық боксшылар
Бокс

IBA

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан World Boxing кубогының төртінші күнінде Қазақстан құрамасының жеті өкілі шаршы алаңға шығады. Олар күндізгі және кешкі сессиялар аясында қарсыластарымен жекпе-жек өткізеді.

Күндізгі сессия (14:00)

• 70 кг: Барбара Дос Сантос (Бразилия) – Наталья Богданова (Қазақстан)

• 80 кг: Нұрбек Оралбай (Қазақстан) – Лакшия Чахар (Үндістан)

• 60 кг: Серік Теміржанов (Қазақстан) – Шунсуке Китамото (Жапония)

Кешкі сессия (19:00)

• +90 кг: Айбек Оралбай (Қазақстан) – Диего Лензи (Италия)

• 57 кг: Алисса Мендоза (АҚШ) – Айдана Забынбекова (Қазақстан)

• 55 кг: Махмұд Сабырхан (Қазақстан) – Джуд Аарон Бадо (Филиппин)

• 75 кг: Джошуа Офори (Канада) – Сабыржан Аққалықов (Қазақстан)

Жекпе-жек орны: Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы (кіру тегін)

Бәсекені «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Қазақстан құрамасына сәттілік тілейміз!