Астанада алғаш рет әлемдік деңгейде ЦП- футбол бойынша PRO санатындағы бапкерлерді оқыту курсы өтеді

kff.kz
2-4 шілдеде «ҚФФ Футбол үйінде» церебралды сал ауруы бар адамдарға арналған футбол (ЦП-футбол) бойынша халықаралық семинар өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты, Қазақстан Футбол Федерациясының баспасөз-қызметіне сілтеме жасай отырып. Іс-шара Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен Халықаралық церебралды сал ауруы федерациясының (IFCPF) қолдауымен өтеді.
Семинар аясында ЦП-футбол тарихында тұңғыш рет Pro санатындағы бапкерлік курсы ұйымдастырылады.
Жиынға елімізден 13 маман қатысып, халықаралық, сарапшылардың жетекшілігімен тереңдетілген дайындықтан өтеді:
Сэм Тернер (Англия) - IFCPF Футболды дамыту
директоры;
Мохаммед Зайнудин (Сингапур) - IFCPF бапкерлік курстарының оқытушысы.
IFCPF - ЦП-футбол бойынша әлемдік ресми басқарушы орган. Ұйым 2015 жылы церебралды сал ауруына шалдыққан адамдарға арналған спорт пен демалысты дамыту қауымдастығының 37 жылдық жұмысының негізінде құрылды.
Астанадағы семинар инклюзивті спорт саласындағы
халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болмақ.