Криштиану Роналду мансабын аяқтаған соң бапкер бола ма?

Криштиану Роналду мансабын аяқтаған соң бапкер бола ма?
Футбол

Евро-Футбол

Португалиялық футбол аңызы, қазіргі таңда Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубында ойнап жүрген Криштиану Роналду өзінің мансап аяқталғаннан кейінгі жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Роналду клубтың YouTube арнасына берген сұхбатында бапкерлікке қатысты ойын ашық жеткізді.

- Мен қалыпты ойлайтын адам емеспін. Өзімді басқа футболшылардан артық санамаймын, тек көзқарасым өзгеше. Айтайын дегенім, бапкерлік - мен үшін емес. Әзірге бұл жолды таңдаймын деп айта алмаймын. Алдағы 5, 10, тіпті 20 жылда да бұл салада өзімді елестете алмаймын. Бірақ өмір болған соң бәрі өзгеруі мүмкін, — деді Роналду.

Сондай-ақ ол Сауд Арабиясына тек футбол ойнау үшін емес, елдің даму үдерісіне үлес қосу мақсатында келгенін атап өтті.