Роналду Португалияның Ұлттар лигасы финалына шығуына қатысты пікір білдірді

Футбол
Goal.com
Португалия құрамасының және Сауд Арабияның «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду өз елінің УЕФА Ұлттар лигасы финалына шыққанына байланысты әлеуметтік желіде пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
«Алға, Португалия!» – деп жазды 40 жастағы жұлдыз ойыншы өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында.
Еске сала кетейік, Германияға қарсы жартылай финалда (2:1) Роналду жеңіс голын соғып, командасын финалға алып шықты. Шешуші доп 68-минутта сол қапталдағы қорғаушы Нуну Мендештің пасынан кейін Марк-Андре тер Штегеннің қақпасына бағытталды.
Португалия құрамасы енді 8 маусым күні Ұлттар лигасының финалында Испания немесе Франция құрамаларымен жолығады. Финалдық бәсеке осы екі команда арасындағы бүгінгі, 5 маусымдағы матч нәтижесіне байланысты анықталады.