Анчелотти мен Винисиусқа 800 млн еуро төлейтін клуб белгілі болды

Әлеуметтік желі
Сауд Арабиясының әйгілі клубы «Аль-Хиляль» бас бапкер Жорже Жезушпен қоштасуға дайын және оның орнына Карло Анчелоттиді шақыруды армандайды, деп жазады Bassport.kz.
Sports Zone дерегінше, клуб италиялық маманға жақсы қаржылық ұсыныс жасаған. Сонымен қатар, араб БАҚ-тары «Аль-Хиляль» басшылығы Анчелоттиді Винисиус Жуниорды клубқа тартатын тұлға ретінде көріп отырғанын жазуда.
Ақпарат көздерінің мәліметінше, саудиялықтар бразилиялық жұлдызды командаға қосу үшін 800 миллион еуро жұмсауға дайын – бұл сома трансфер құнын, жалақыны және бонустарды қамтиды. Клуб Винисиустың агенттерімен алғашқы байланысқа да шыққан.
Айта кетейік, бұған дейін Анчелоттидің Бразилия құрамасын жаттықтырудан бас тартқаны белгілі болды. Қазір ол 2021 жылдан бері «Реал Мадрид» клубының тізгінін ұстап отыр, ал бұл оның «корольдік клубтағы» екінші кезеңі (біріншісі — 2013–2015 жж.).
Винисиус «Реалға» 2018 жылы «Фламенгодан» 45 млн еуроға келген. Биылғы маусымда ол Ла Лигада 27 матч өткізіп, 11 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.