Рим Папасы қайтыс болды. Еуропалық клубтар бұл жайлы не жазды?

Рим Папасы қайтыс болды. Еуропалық клубтар бұл жайлы не жазды?
Футбол

Getty Images

«Реал» мен «Барселона» Рим Папасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

Рим Папасы Франциск 89 жасында қайтыс болды, бұл туралы бүгін Ватиканда хабарланды.

«Реал Мадрид» футбол клубы, оның президенті мен директорлар кеңесі Папа Францисктің өмірден өтуіне байланысты терең қайғырғанын білдіреді. «Реал Мадрид» бүкіл католик қауымына тарихи әрі бүкіл әлемге танымал тұлғаның қазасына байланысты көңіл айтады. Өзінің бүкіл понтификатында Папа Франциск үлкен мұра қалдырған ұлы қайраткер ретінде аса мұқтаж әрі әлсіз жандарға деген қолдауы мен жанашырлығын көрсетіп келді. Папа Франциск 88 жасында өмірден озды. Жаны жәннатта болсын», – делінген «Реалдың» ресми сайтында.

«Барселона» клубы да Папа Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты», – деп жазды каталондық клуб әлеуметтік желілерде.