«Реал» келесі матчқа жаңа бапкермен шығады

Футбол
Әлеуметтік желі
13 сәуір күні Ла Лиганың 31-турында «Реал» «Алавеске» қарсы матчқа бас бапкерсіз шығады. Бұл туралы Bassport.kz Sport.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мадридтік клубтың бас бапкері Карло Анчелотти өткен турда «Валенсияға» қарсы ойында (1:2) сары қағаз алып, ескерту лимитін толтырған. Осыған байланысты бір ойынға шеттетіліп, «Алавеспен» өтетін кездесуге қатыса алмайды.
Оның орнына Давиде Анчелотти шығады. Ол бір матчқа әкесін уақытша алмастырады.