Испания Суперкубогы - 2026 қатысушылары мен жұптары анықталды

Испания Суперкубогы - 2026 қатысушылары мен жұптары анықталды
Футбол

Getty Images

2026 жылы өтетін Испания Суперкубогының қатысушылары мен жұптары анықталды, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

Бұл жолы жарысқа төрт команда қатысады: каталондық «Барселона», мадридтік «Реал», Бильбаолық «Атлетик» және мадридтік «Атлетико».

Негізінде, турнирдің регламенті бойынша Испания чемпионатының алғашқы екі орны және Испания Кубогының екі финалистері қатысады, бірақ, Ла Лиганың алғашқы екі орнын алған «Барселона» мен «Реал» Король Кубогының финалистері атанғандықтан, Суперкубктың шағын-финалына лиганың үшінші және төртінші орын алған клубтары «Атлетико» мен «Атлетик» — жолдама алды.

Турнирдің алғашқы жартылай-финалында мадридстік «Реал» мен «Атлетико» ойнаса, екінші ойында каталондық «Барселона» мен «Атлетик» Бильбао кездеседі.

Естеріңізге сала кетсек, турнир 2026 жылдың қаңтар айында өткізіледі. 2022 жылдан бастап жарыс Сауд Арабиясында өтеді. Испания Суперкубогының қазіргі жеңімпазы каталондық «Барселона», финалдық матчта мадридтік «Реалды» 5:2 есебімен жеңді.