Олимпиада чемпионы Ризабек Айтмұханмен белдесуден неге бас тартқанын түсіндірді

Күрес
UWW
2024 жылғы Олимпиада және Азия чемпионы Ахмед Тажудинов Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатына неге қатыспағанын түсіндірді, деп хабарлайды Bassport.kz
— Өзімді жақсы формада сезіндім, Азия чемпионатына қатысқым келді. Алайда бүгінгі жаттығу барысында бапкер иығымның 100 пайыз дайын емес екенін айтып, тәуекел етпеуді жөн санады. Өкінішке қарай, турнирді өткізіп аламын. Барлық қатысушыларға және Бахрейн құрамасындағы серіктестеріме сәттілік тілеймін. Жақында кездескенше, — деп жазды Тажудинов Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Тажудинов 97 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының басты фавориттерінің бірі саналған. Бұл салмақта Қазақстанның әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан да бақ сынауда.