Артем Дзюба неге «Қайратқа» ауыспайтынын түсіндірді

Футбол
РФС
Ресей құрамасының тарихындағы үздік сұрмерген Артем Дзюба алматылық «Қайратқа» ауысуына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.
«Мен Чемпиондар лигасы үшін «Қайратқа» баруға дайын болар едім. Бірақ маған ол жақтағы чемпионаттың жасанды алаңдарда өтетінін және кейбір қалалардың жағдайын айтып берді… Менің оған шама-шарқым жетпейді деп ойлаймын (күледі). Бір-екі жасанды алаңда ойнасам, сол жерде футбол мансабымды аяқтайтын шығармын», – деді Дзюба, Championat.com-ға берген сұхбатында.
Тәжірибелі шабуылшы өткен жазда еркін агент ретінде «Акрон» командасына қосылып, маусым соңына дейін келісімшартқа отырған.
Бұған дейін БАҚ-та «Қайраттың» Дзюбаны қатарға қосуға қызығушылық танытқаны жайлы ақпарат тараған еді.