Назым Қызайбай әлем чемпионатындағы тарихи жеңісі үшін қанша сыйақы алады?

Назым Қызайбай әлем чемпионатындағы тарихи жеңісі үшін қанша сыйақы алады?
Бокс

ҚБФ

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында өткен 2025 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы атанып, қомақты сыйақыға ие болды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Биылғы әлем біріншілігінде алғаш рет жүлделі орын алған спортшылармен қатар, төрттік финалға шыққан боксшыларға да қаржылай сыйақы тағайындалды. Алтын медаль иегерлері 100 000 доллардан алды. Күміс – 50 000 доллар, қола – 25 000 доллар, ал ширек финалға жеткендер 10 000 доллар сыйақыға ие болды.

Сонымен қатар, Қазақстан әлем чемпионатының жүлдегерлеріне қосымша қаржылай қолдау көрсетеді. Олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионы атанған қазақстандық спортшылар 15 000 доллар көлемінде мемлекеттік сыйақы алады.  

Осылайша, Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова және Аида Әбікеева әрқайсысы 115 000 доллардан сыйақы алады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл әлем чемпионатынан үш алтын, екі күміс және бір қола медальмен оралды.