Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің 1/8 финалына шықты

Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің 1/8 финалына шықты
Теннис

ҰОК

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мериде (Мексика) өтіп жатқан ірі турнирдің 1/8 финалына жолдама алды, деп жазады BasSport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жетістікке ол эквадорлық Андрес Андрадені жеңгеннен кейін қол жеткізді. Қазақстандық спортшы қарсыласын екі сетте ұтты. Қорытынды есеп – 6:3, 6:4.

Ширек финалға шығу үшін Попко боливиялық Хуан Карлос Прадо Анхеломен кездеседі.