Александр Мартынович жарақатына байланысты бір айға қатардан шығады

Футбол
ФК “Қайрат”
Беларусь құрамасының бас бапкері Карлос Алос Феррер «Қайрат» қорғаушысы Александр Мартыновичтің жарақаты туралы айтты, деп хабарлайды Bassport.kz sport5.by сайтына сілтеме жасап.
«Соңғы ойында ол медициналық себептерге байланысты үзілісте алмастырылды. Өзі ауыстыруды сұрады. Кейін мен оған қоңырау шалдым – ол жайсыздық сезінгенін айтып, тексеруден өтіп жатқанын жеткізді. Қорытынды бойынша ол бір айға қатардан шығады», – деді Феррер.
Еске сала кетейік, Мартынович Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында «Ордабасымен» өткен матчтың (4:0) 56-минутында Дамир Қасабулатпен алмастырылған болатын.
Беларусь құрамасының капитаны «Қайрат» сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол алматылық командамен бірге Қазақстан чемпионаты мен Суперкубогын жеңіп алған.