Жанкүйерлер "Барыс" бас бапкерін сырт айдындағы жеңіспен құттықтады (ВИДЕО)

Жанкүйерлер
Хоккей

"Барыс" ХК

Елордалық "Барыс" биыл сырт айдындағы алғаш рет жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Михаил Кравец бастаған команда Ярославльде жергілікті "Локомотивпен" кездесіп, ҚХЛ чемпионын 4:0 есебімен ұтты. Ойыннан кейін астаналық командаға Ярославльде қолдау көрсеткен жанкүйерлер бас бапкер мен команданы құттықтаған. 

Еске салайық, қазір "Барыс" қоржынындағы 23 ұпаймен Шығыс конференциясы турнирлік кестесінде сегізінші орында тұр.