Натурализацияланған бразилиялық ойыншының ұлы Қазақстанның гимнін орындап, желіні дүр сілкіндірді (ВИДЕО)

Футзал
KazFootball
Футзалдан «Қайрат» клубы өз ойыншысы Эдсон мен оның ұлы Рави қатысқан әсерлі видеомен бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Желіде тараған кадрларда кішкентай Рави Қазақстанның гимнін шырқайды. Бейнежазбаның сипаттамасында оның да әкесіндей Қазақстан азаматтығы бар екені айтылған. Бұл видео жанкүйерлердің ерекше ықыласына бөленді.
Эдсон Қазақстан ұлттық құрамасында ойнау үшін елдің азаматтығын алған. Алайда кейіннен ФИФА мен УЕФА-ның натурализацияға қатысты талаптары күшейтілгендіктен, уақытша құрамадан тыс қалды. Спорттық азаматтықты өзгерту үшін ойыншының елде кемінде бес жыл үздіксіз тұруы қажет.
Биыл Эдсон бұл талапты толық орындап, ұлттық құрама сапына қайта оралуы мүмкін.
Осы маусымда Эдсон «Қайрат» сапында 34 матч өткізді.