Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2026 жылғы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2026 жылғы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды
Басқа

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды, деп хабарлайды BasSport.kz, Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ресми хат Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) тарапынан жіберілді. Бұл – елдің төртжылдықтың басты қысқы спорттық жарысына қатысуын растайтын дәстүрлі рәсім.

Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиада ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Сол уақыттан бері біздің атлеттер жалпы сегіз медаль жеңіп алды: бір алтын, үш күміс және төрт қола.

Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді.