Марочкин “Тобылға” қайта оралды

Марочкин “Тобылға” қайта оралды
Футбол

Александр Марочкин / Сурет: ҚФФ

Александр Марочкин қостанайлық «Тобыл» ойыншысы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Орталық қорғаушы Александр Марочкин «Тобыл» футбол клубымен келісім-шартқа қол қойды.  Өткен маусымда Марочкин “Астананың” намысын қорғап, клуб сапында ҚПЛ-да 14 матч өткізіп, бір гол соқты. Ол елордалық командада 2023 жылдан бері өнер көрсетті. 

Футболшы 2019 жылдың соңында “Тобыл” сапына қосылған. Ол қостанайлық ұжым құрамында 80 ойын өткізіп, екі гол соққан.