Аңызға айналған сэр Алекс Фергюсон бапкерлік мансабын қайта жалғастырады

Чемпионат
Белгілі шотландиялық бапкер Алекс Фергюсон бір матч үшін бапкерлікке оралады, деп хабарлайды Bassport.kz.
talkSPORT басылымының мәліметінше, Фергюсон италиялық шабуылшы Джузеппе Россидің қоштасу матчы үшін арнайы шақырту алған. Бұл ойын 22 наурызда Флоренциядағы «Артемио Франки» стадионында өтеді.
Росси 2004-2006 жылдары манкуниандықтар сапында Фергюсонның қол астында өнер көрсетті. Ол 2023 жылы карьерасын аяқтады, оның соңғы клубы италиялық СПАЛ болды.
Сэр Алекс Фергюсон – футбол тарихындағы ең табысты бапкерлердің бірі. Ол 1986-2013 жылдар аралығында «Манчестер Юнайтедті» жаттықтырып, 13 рет Англия Премьер-лигасын, 5 рет Англия кубогын және 2 рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Шотландиялық маман командалар құру, ойыншыларды жігерлендіру және футболдағы өзгерістерге бейімделу қабілетімен танымал.