«Милан» Кайл Уокерді сатып алмақшы

«Милан» Кайл Уокерді сатып алмақшы
Футбол

ФК “Милан”

Қазіргі уақытта «Милан» сапында жалға ойнап жүрген ағылшындық қорғаушы Кайл Уокер маусым аяқталғаннан кейін италиялық клубта қалуы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz.

Инсайдер Николо Скираның мәліметінше, 34 жастағы футболшы «Миланда» өткізген уақытына риза, ал клуб оның трансферін «Манчестер Ситиден» толық сатып алуға дайын.

Жалға алу келісімшартына сәйкес, «Миланның» Уокерді 5 миллион еуроға сатып алу құқығы бар. Дегенмен миландықтар «қалалықтардан» бұл бағаны сәл төмендетуді сұрауы мүмкін.