Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Азия ойындарында үздік бестікке жайғасты

Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Азия ойындарында үздік бестікке жайғасты
Басқа

Сали Сабиров

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында өнер көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Спортшылар мұздағы би бойынша ел намысын қорғады. Бүгін, 12 ақпанда, олар еркін бағдарламасын орындап, 87,14 ұпай жинады. Қысқа бағдарламамен қоса есептегенде, қазақстандық жұп 142,16 ұпайға ие болып, жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Азиада чемпионы атағын 173,31 ұпай жинаған жапондық дуэт Утана Ёшида мен Мамая Морита иеленді. Күміс жүлде Қытай спортшылары Юнфей Рен мен Чжанинь Ксиньге (171,25), ал қола жүлде жапондық Азуса Танака мен Шинго Нишиямаға (163,71) бұйырды.