«Химки» футболшылары «Қайратқа» қарсы матчқа шықпауы мүмкін

Футбол
ФК “Қайрат”
Ресейлік «Химки» клубының ойыншылары 14 ақпанда өтетін алматылық «Қайратқа» қарсы жолдастық кездесуге шықпауы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz.
Meta-Ratings сайтының мәліметінше, футболшылар мұндай шешімді 2024 жылдың қараша-желтоқсан айларындағы жалақыларының төленбеуіне байланысты қабылдаған.
Дегенмен «Химки» инвесторы Туфан Садыгов жақын күндері берешекті өтесе, команда матчқа қатысатын болады.