Тимофей Скатов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, ширек финалға шықты

Тимофей Скатов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, ширек финалға шықты
Теннис

ҰОК

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Үндістанда өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Екінші айналымда ол Олимпиаданың күміс жүлдегері, ресейлік Аслан Карацевті 6:4, 7:5 есебімен ұтты. Енді Скатов жартылай финал жолдамасы үшін британдық Билли Харриске қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Аслан Карацев – әлемнің бұрынғы 14-ракеткасы, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (микс-разряд), 2021 жылғы Ролан Гаррос финалисі (микс), сондай-ақ төрт ATP турнирінің чемпионы және 2021 жылғы Дэвис кубогы мен ATP кубогының иегері.