Рыбакина Абу-Дабиде жартылай финалға шықты

Рыбакина Абу-Дабиде жартылай финалға шықты
Теннис

KTF

Әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 500 санатындағы Абу-Даби турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz, Sport + сілтеме жасап.

Ширек финалда Рыбакина Тунистің өкілі Онс Жаберді 6:2, 4:6, 7:6 (7:4) есебімен жеңді.

Жартылай финалда ол Токиода өткен Олимпиаданың жеке разрядтағы чемпионы, швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.  

Қазақстандық теннисші бұл турнирдің қазіргі чемпиондар қатарында.