Қазақстан құрамасы Қысқы Азия ойындарына қандай формада барады? (ВИДЕО)
Басқа
Видеодан кадр
Қазақстан шорт-трек құрамасының мүшесі Денис Никиша Қысқы Азия ойындарына арналған ұлттық құраманың ресми спорттық формасын таныстырды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Спорттық киім жиынтығына жылы куртка, жел өткізбейтін костюм, жилет, спорттық және жаттығу киімі, футболка, бас киім, спорттық аяқ киім және түрлі аксессуарлар кіреді. Жалпы, 17 түрлі киім ұсынылған.
Қысқы Азия ойындары 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтеді.