16 жастағы Бексұлтан Мақыш Бостон хоккей академиясының рекордын орнатты
Хоккей
Әлеуметтік желі
Қазақстандық хоккейші Бексұлтан Мақыш Бостон хоккей академиясының тарихына енді. Ол 200 (107+93) ұпай жинаған алғашқы ойыншы атанды.
Бұл рекордқа жету үшін Бексұлтанға небәрі 98 ойын қажет болды.
2024/2025 маусымында Мақыш өзінің жоғары нәтижелілігімен ерекшеленуде. Ұлттық университеттік даму конференциясының (NCDC) тұрақты чемпионатындағы 37 ойында ол 74 (34+40) ұпай жинап, лиганың көшбасшыларының бірі ретінде көзге түсіп жүр.