Хабиб Нурмагомедов бортсерікпен болған жанжалдан кейін мәлімдеме жасады
Жекпе-жек
Globallookpress
UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов АҚШ-та рейстен түсірілген оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Хабибтің айтуынша, бортсерік басынан бастап дөрекі сөйлеген.
“Ең алдымен, бұл Frontier Airlines рейсі екенін айта кетейін, Alaska Airlines емес. Маған сұрақтармен келген әйел әуел бастан өте дөрекі болды. Мен ағылшынша жақсы сөйлеймін және бәрін түсінемін, бірақ ол мені орнымнан түсіруге тырысты. Мұның себебі не екенін нақты айта алмаймын. Қысқа сөйлесуден кейін ол қауіпсіздік қызметін шақырып, мені ұшақтан түсірді. 1,5 сағаттан кейін басқа рейске отырып, баратын жеріме жеттім.
Мен сабырлы болуға және арандатушылыққа берілмеуге барымды салдым. Менің ойымша, адамдар мейірімді болуға ұмтылуы керек,” – деп жазды Нурмагомедов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.