Александр Заруцкий «Қайраттың» ойыншысы атанды

Александр Заруцкий «Қайраттың» ойыншысы атанды
Футбол

ФК “Қайрат”

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Александр Заруцкий алматылық «Қайрат» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Келісім 2025 жылдың соңына дейін есептелген.

Заруцкий – қарағандылық «Шахтер» футбол мектебінің түлегі. Ол мансабында «Қызылжар», «Атырау», «Ертіс» және «Қайсар» командаларында өнер көрсеткен. Соңғы төрт маусымды «Астана» сапында өткізіп, 54 матчта 40 гол жіберіп, 24 ойында қақпасын құрғақ ұстаған.

Өткен жылдың жазында Заруцкий Қазақстан құрамасы сапында алғаш рет Әзірбайжанға қарсы матчта (2:3) дебют жасаған болатын.