«Көпшілігінің көңілі қалды». Шавкат Рахмоновқа 2025 жылға болжам жасалды

«Көпшілігінің көңілі қалды». Шавкат Рахмоновқа 2025 жылға болжам жасалды
Жекпе-жек

Әлеуметтік желі

Empiresportsmedia.com журналисі Дэниэл Каннингем 2025 жылы UFC-де орын алатын оқиғаларға арналған мақаласында қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеудің иегері болады деп болжады, деп хабарлайды Bassport.kz.

«UFC жартылай орта салмағының чемпионы атағы үшін келесі жекпе-жек белгіленген, тек оның нақты қашан өтетіні сұрақ болып тұр. Бұл титулдық жекпе-жекте дивизион чемпионы Белал Мұхаммад (24-3, 1 NC) пен Шавкат Рахмонов (19-0) кездеседі. Олар бұл кездесуді желтоқсан айында өткізуі керек болған, бірақ Мұхаммадтың жарақатына байланысты жекпе-жек кейінге қалды. Оның орнына Рахмонов Ян Мачадо Гэрриді бес раундтық элиминаторда жеңді.
Көпшілік Гэрриге қарсы жекпе-жектен кейін Рахмоновқа деген қызығушылығын жоғалтты, бірақ мен оның чемпион боларына әлі де сенемін. Бұл Шавкаттың ең жақсы формасы болмады, бірақ биыл ол Мұхаммадқа қарсы шыққанда, біз оның ең үздік нұсқасын көреміз. Сол нұсқа UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы атанады және мен оның жыл соңына дейін бұл атақты сақтап қалатынына сенімдімін», — делінген мақалада.