Жозе Моуринью “Реалдан” кеткеніне өкінішін білдірді

Жозе Моуринью “Реалдан” кеткеніне өкінішін білдірді
Футбол

Global look press

“Фенербахче” клубының бас бапкері Жозе Моуринью жаттықтырушылық мансабында қабылдаған шешімдерінің кейбіріне өкініш білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.

“Егер матчтар туралы айтатын болсақ, олардың саны көп, өйткені жеңіліс тапқанда әрдайым басқаша әрекет етуге болатынын ойлайсың, ал мен көптеген матчтарды ұтылдым.
Ал кәсіби таңдау тұрғысынан айтсам, бұл Флорентиноға (“Реал” президенті) берген “жоқ” жауабым. Ол маған: “Моу, дәл қазір кетпе, сен қиын кезеңнен өттің, енді жақсы уақыт келеді…”, – деді. Мен солай болатынын білдім, бірақ Испанияда өткен үш ауыр жылдан кейін “Челсиге” оралғым келді.
Сондай-ақ, мен “Ромадан” (Еуропа Лигасының финалында жеңілгеннен кейін) дереу кетуім керек еді, бірақ ол шешімді қабылдамай қателік жасадым”, – деді Моуринью Corriere dello Sport басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Жозе Моуринью “Реалды” 2010-2013 жылдары жаттықтырған болатын.