“Барыс” Уфада ірі есеппен жеңілді
Хоккей
ХК “Барыс”
Астананың «Барысы» жеңілістер сериясын жалғастырып, Қазан қаласында өткен ҚХЛ матчында Уфаның «Салават Юлаев» командасынан 0:6 есебімен ұтылды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері ойын тізгінін қолдарына алды. Ойынның небәрі 25-секундында Джо Лево Тодд пен Хафизуллиннің нәтижелі пасын голға айналдырып, есеп ашты.
Бірінші кезеңде «Барыс» қақпасына тағы екі шайба кірді: 11-минутта Тодд ерекшеленсе, кезең соңында үшінші шайбаны Зоркин салды.
Екінші кезеңде Лево өзін тағы да танытып, екі гол соқты, оның бірі көпшілікте. Ал ойынның 49-минутында Ремпал азшылықта ойнап жүріп, алтыншы шайбаны енгізді.
5 қаңтарда «Барыс» өз алаңында Тольяттидің «Лада» командасына қарсы ойын өткізеді.