ҚР Қорғаныс министрі самбо федерациясының президенті болып сайланды
Басқа
Қорғаныс министрлігі
ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды BasSport.kz 1bol-ға сілтеме жасап.
Бұған дейін аталған қызметті Айдос Ақжанов атқарып келген болатын.
Федерацтяның кезектен тыс отырысы Астанада 24 желтоқсанда өтіп, онда ұйымға жаңа президент сайлау мәселесі көтерілген. Федерацияның барлық мүшесі бірауыздан өз дауысын Жақсылықовқа беріпті.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Руслан Жақсылықов – дзюдодан КСРО спорт шебері, бірнеше дүркін чемпион, самбо мен дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері.