Ерболат Досаев “Астана” мен “Челси” арасындағы матчтағы қарға байланысты жанжалға пікір білдірді
Футбол
Informburo.kz
12 желтоқсанда Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Конференция лигасы аясында “Челси” мен “Астана” командалары кездесті.
Ойын қазақстандық жанкүйерлер үшін сәтсіз аяқталды: “Астана” жеңіліске ұшырады, ал стадион ойынға дайын болмағаны үшін сынға ұшырады.
Стадион трибуналарындағы орындықтар қалың қар мен мұзбен жабылған еді, кейбір орындар тіпті сынған болатын.
Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жағдайға стадион әкімшілігі мен сапасыз жұмыс істеген тазалық қызметкерлері кінәлі.
Әкімнің мәлімдеуінше, стадионды жөндеу жұмыстары қолға алынады.
Айта кетейік, матч өткен күні спорттық нысанның басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен босатылған болатын.