Роналдо Бразилия футбол федерациясының президенті қызметіне үміткер болды

Роналдо Бразилия футбол федерациясының президенті қызметіне үміткер болды
Футбол

SportHeroes

Бразилия құрамасының аңыз шабуылшысы Роналдо елдегі футболды дамыту мақсатында футбол федерациясының (CBF) президенті қызметіне өз кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бұл туралы Globo басылымы жазды.

«Менің бұл шешімге келуіме жүздеген себеп бар, бірақ ең бастысы – бразилиялық футболдың әлемдік аренадағы беделін қайтару. Көбінесе көшеде адамдар мені тоқтатып, алаңға қайта оралуды сұрайды. Өйткені ұлттық құраманың қазіргі жағдайы тек футбол алаңында ғана емес, оның сыртында да мәз емес», – деді Роналдо.  

CBF-тің жаңа президентін сайлау 2026 жылдың наурызына дейін өткізілуі қажет.