Айбек Оралбай Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды
![Айбек Оралбай Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды | BASSPORT Айбек Оралбай Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды](https://bassport.kz/storage/2024/12/11/y2mHCL1soQCWs4fqMR4ZxWPX8Ds5tZ9yA7yIxaBY.jpg)
Бокс
Olympic.kz
Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай бокстан Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Аса ауыр салмақтағы (+92 кг) финалдық кездесуде Оралбай Қытай боксшысы Абудурешити Ремулымен рингке шықты. Бірінші раундтан-ақ қазақстандық боксшының басымдығы айқын болды – төрешілер бірауыздан 5:0 есебін тіркеді.
Осылайша, Айбек Оралбай Азия чемпионы атанып, Қазақстан құрамасына Чиангмайда (Таиланд) өткен құрлықтық біріншілікте төртінші алтын медальді сыйлады.