Махмұд Сабырхан бокстан Азия чемпионы атанды
ҚБФ
Таиландтың Чиангмай қаласында өткен 2024 жылғы Азия чемпионатының финалында қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан 54 кг салмақ дәрежесінде өзбекстандық Шахзод Музафаровпен кездесті.
Музафаров жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы ретінде танылған тәжірибелі қарсылас болды.
Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте қос спортшы да белсенді шабуыл жасап, ашық айқас көрсетті. Қорытындысында төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіс Сабырханның пайдасына шешіліп, ол алтын медаль иегері атанды.
Бұл жеңіс Қазақстанның ерлер арасындағы 2024 жылғы Азия чемпионатындағы алғашқы «алтыны» болды.
Махмұд Сабырхан бұған дейін әлем чемпионаттарында бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алған, 2022 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ал 2018 жылы жастар арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған.