Қазақстан чемпионатының үш чемпионы анықталды
Бокс
ҰОК
Қарағандыда бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық кездесулері өтіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz.
Алайда, үш салмақ дәрежесінде чемпиондар жекпе-жексіз белгілі болды:
67 кг салмақта ерлер арасында Төрехан Сабырхан жеңімпаз атанды. Оның қарсыласы Санатәлі Төлтаев сырқатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.
92+ кг салмақта ерлер арасындағы финалдық кездесу де өтпейді. Жекпе-жекте бір-біріне қарсылас болуға тиіс ағайынды Нұрлан мен Данияр Сапарбайдың шешімімен чемпион атағы Нұрланға бұйырды.
48 кг салмақта әйелдер арасында Назым Қызайбай қарсыласының жекпе-жектен бас тартуына байланысты Қазақстан чемпионы атанды.