Қазақстан Азия чемпионатында қарсыластарын ойсырата жеңді

Қазақстан Азия чемпионатында қарсыластарын ойсырата жеңді
Гандбол

ҰОК

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы матчын өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Отандастарымыз Сингапур командасына қарсы ойын өткізді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 39:7 есебімен жеңді.

Осылайша, қазақстандықтар үш ойынның екеуінде жеңіске жетті. Бұған дейін олар Қытай құрамасынан басым түскен еді. Тек Оңтүстік Кореяға есе жіберді.

Айта кету керек, әр топтан екі команда плей-офф кезеңіне шығады. Қазақстанның топтық кезеңдегі орны Оңтүстік Корея мен Қытай арасындағы матчтың нәтижесіне байланысты анықталады.