Артем Дзюба «Қайратқа» ауысуы мүмкін

Артем Дзюба «Қайратқа» ауысуы мүмкін
Футбол

Федор Успенский

«Акронның» 36 жастағы ресейлік шабуылшысы Артем Дзюба келесі жазда «Қайрат» сапына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

 Алматы командасының басшылығы алдағы уақытта Чемпиондар лигасына қатысу үшін қосымша күштер іздеуде. Ал нұсқалардың бірі – Ресей құрамасының бұрынғы шабуылшысы Артем Дзюба. 

Шабуылшы келесі жазда келісімшарт мерзімі аяқталатын тольяттилік «Акронда» ойнайды. Шабуылшы РПЛ-дағы нәтижелі әрекеттері бойынша Дмитрий Лоськовтың рекордын (265) жаңартқысы келеді. Қазіргі уақытта гол+пас жүйесінде ойыншының 260 ұпайы бар.