Әбиба Әбужақынова: «Спортшыға ғана тұрмысқа шыққым келеді»
Дзюдо
Әлеуметтік желі
Дзюдодан әлем чемпионатының, Азия ойындарының, Азия біріншілігінің және Grand Slam турнирлерінің жүлдегері Әбиба Әбужақынова болашақ отбасы туралы өз ойын спорт журналисі Ақырыс Сейітқазыға берген сұхбатында бөлісті. Әлемдік аренада ел намысын қорғап жүрген дзюдошы болашақ жарын спорт әлемінен көргісі келетінін айтты.
«Спортшыны тек спортшы ғана түсінеді. Болашақ жарым спортшы болса екен деп армандаймын. Себебі, жаттығу кезінде оған көп көңіл бөле алмаймын, ал салмақ қуғанда ашушаң боламын, тамақ ішпеймін. Мұндай жағдайда мені түсінетін адам – спортшы. Бір спортшы жігітпен сөйлесіп көрдім, бірақ, өкінішке қарай, болмады», – деді Әбиба.
Сондай-ақ, спортшы жігіттерге қоятын талаптарын да ашық айтып өтті. Әбужақынова болашақ жарының бойы ұзын, ақылды, еңбекқор, сенімді, ақкөңіл және ашық мінезді болғанын қалайды екен.
«Бастысы, жанашыр әрі сенімді адам болса деймін. Маған осындай қасиеттер маңызды», – деп атап өтті дзюдошы.