Жалғас Жұмағұлов алған жарақаттары туралы айтты
Жекпе-жек
Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегінен кейінгі жағдайы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Спортшы Instagram парақшасында ем-домға арналған дәрі-дәрмектердің суретін жариялап, өзінің ауыр жарақат алғанын жеткізді.

«Карьерамда алғаш рет осындай ауыр жарақат алдым. Көзіме тамызатын дәрілер мен антибиотиктерді көп қолдануға тура келіп жатыр», – деп жазды Жұмағұлов.
Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов пен бразилиялық Игор Северино арасындағы чемпиондық жекпе-жек Словакия астанасы Братиславада өткен Oktagon 89 турнирінде ұйымдастырылған болатын. Алайда кездесу екінші раундта тоқтатылып, нәтижесі есепке алынбады.