Абиба Әбужақынова: “Анама мысығымды қарағаны үшін айлық төлеймін”
Дзюдо
Видеодан кадр
Дзюдодан әлемнің екі дүркін жүлдегері Абиба Әбужақынова «Сырласу» тележобасына қатысып, жеке өміріне байланысты сұрақтарға жауап берді.
«Қазір ата-анам жұмыс істемейді. Анам бұрын мектепте мұғалім, әкем зауытта жұмыс істеген еді. Енді олардың ештеңеге алаңдамауын қалаймын», – деді дзюдошы.
Әзілдей отырып:
«Анам менің мысығымды бағып, менен жалақы алып отыр», – деп күлдірді ол сұхбат барысында.
Абиба Әбужақынова ата-анасының еңбегіне ризашылығын білдіріп, олардың енді қамсыз өмір сүруін қамтамасыз етуді өз міндеті деп санайтынын атап өтті. Танымал спортшының бұл қамқорлығы көпшіліктің жүрегін елжіретті.