Сметов пен Қырғызбаев татамиге қашан оралады?

Дзюдо
Khabar
Қазақстан құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов Olympic.kz берген сұхбатында Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевтың командалық жаттығуға қайта қосылу мерзімін айтты, деп хабарлайды Bassport.kz
“Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев келесі жиыннан бастап командаға қосылады. Олар біртіндеп жаттығуға оралып жатыр. Жаттығу жиыны 9 қаңтарда Астанада басталады”, – деді бапкер.
Команда құрамы жаңа маусымда қалай анықталатынын да түсіндіріп өтті.
“Команда құрамы ел чемпионатында үздік үштікке кірген спортшылардан жасақталады. Сонымен қатар, Қазақстан чемпионатына қатысудан босатылған дзюдошылар да негізгі құрамға енеді. Олар – Ғұсман Қырғызбаев, Елдос Сметов, Абылайхан Жұбаназар және Нұрлыхан Шархан. Бұл спортшылар негізгі құрамда болатыны анық. Бұдан бөлек, ел чемпионатын үшінші орыннан төмен, бірақ жетінші орынға дейін аяқтаған спортшыларға да мүмкіндік берілмек. Осылайша, командада өзгеріс болуы мүмкін”, – деді Нұрбол Сүлейменов.