Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне жолдама алды

Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне жолдама алды
Теннис

KTF

Астанада Билли Джин Кинг кубогы аясында Қазақстан мен Корея плей-офф матчында есеп 3:0-ге жетті, деп хабарлайды Bassport.kz KTF-ға сілтеме жасап.

Сайыстың екінші күні кортқа Елена Рыбакинаның орнына әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева шықты.  

Ол дүниежүзілік рейтингіде 418-орында тұрған Ку Ен Вумен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қалған ойындардың нәтижесіне қарамастан, алдағы жылы сәуірде өтетін Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне жолдама алды.