Астанада Қазақстан мен Оңтүстік Корея құрамалары арасында Билли Джин Кинг Кубогының плей-офф кезеңі басталды

Астанада Қазақстан мен Оңтүстік Корея құрамалары арасында Билли Джин Кинг Кубогының плей-офф кезеңі басталды
Теннис

KTF

Бүгін, 16 қарашада, Астанада Қазақстан мен Оңтүстік Корея құрамалары арасында Билли Джин Кинг Кубогының плей-офф кезеңі басталды, деп хабарлайды Bassport.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

 Алғашқы болып кортқа Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінде 383-орында тұрған Зарина Дияс пен 331-орында орналасқан оңтүстіккореялық Да Ен Бак шықты. 

 Бірінші сетте Зарина 3:6 есебімен жеңілді. Алайда екінші сетте жағдайды түзетіп, 6:3 есебімен басым түсті. Шешуші партияда Зарина тай-брейкте 7:6 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен матчта 1:0 есебімен алға шықты.

16 қараша күні сонымен қатар әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина мен әлемдік рейтингте 257-орында тұрған Сон Хен Пак арасында кездесу өтеді.

17 қарашада, екінші ойын күні, Рыбакина Да Ен Бакқа қарсы кортқа шығады. Ал Зарина Дияс Сон Хен Пакпен кездесуі тиіс.

Айта кетейік, егер шешуші жұптық матч қажет болса, онда Қазақстан атынан Анна Данилина мен Жібек Құламбаева, Оңтүстік Кореядан Ку Ен Ву мен Дабин Ким ойнайды.